КГУ «Федоровская общеобразовательная школа»
0

 

Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің 2017-2018 оқу жылының басталуына байланысты 1 қыркүйек білім күнінің өтілуі туралы

Салтанатты жиынның құрметті қонағы Зеленов аудандық мәслихат депутаты Исмагулов Рамазан Тастаевич және Трекин ауылдық округінің әкімі Сатканов Сабит Утегенұлының қатысуымен өткізілді.

Мектеп директоры, келген қонақтар мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған бірінші сыныптарды, оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, ізгі ниетерін білдірді. 2 сынып оқушысы Талғат Ақманар «Ұстазым» әнін орындады. «Үш тұғырлы тіл- заман талабы»,- демекші 11 сынып оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілінде тілектерін білдірді. Оқу үздігі мектебіміздің мақтанышы, «Жас батыр» аудандық, облыстық әскери-патриоттық ойындарының І орын жеңімпазы Абдуғали Нұрбек Берікұлы, аудандық, облыстық Бард әндерінің жеңімпазы Батыркерей Әсет Дәулеткерейұлы, аудандық пән олимпиадасынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын иегері Хасанова Айжан Нұрпейсқызы 1 сынып оқушыларын қазақ, орыс, ағылшын тілінде құттықтап,11 сынып оқушылары атынан естелік сыйлықтар табыстады. 1 сынып ата-аналары атынан құттықтау сөзді Есқали Алмат Мақсотұлы сөйледі.

 

Музыка пәнінің мұғалімі Хибашев Аңсаған және 10 сынып оқушысы Мухамбетов Мағжан «Қазақстаным» әнін шырқады.Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11- сынып оқушысы, оқу екпіндісі Құстанбай Бағдат Берікұлына және 1 –сынып оқушылары Саламат Еркежан, Букейхан Назеркеге беріледі.

Білім күні сабағының тақырыбы: «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы шеңберінде бірыңғай «Мен -өз Отанымның патриотымын» . 10-11 сынып оқушыларына видеофильм көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.А.Болатов