Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Біздің өлке қаһармандары» көпшілік іс-шарасының Есебі

13-ақпан күні мектебімізде әскери жетекші З.Ғ.Кабиев пен тәлімгер А.С. Мырзагалиеваның ұйымдастыруымен «Біздің өлке қаһармандары» атты көпшілік іс-шарасы өтті.Шара екі бөлімнен тұрды.

Бірінші бөлімде Ауған жеріндегі өзінің әскери борыштарын отты жылдары өтеген Кеңес әскерінің құрамында болған жерлес ағаларымыз  -Киндербаев Аязбек Райымбекұлы мен Анищенко Александр Михайлович бастарынан өткен оқиғаларымен қысқаша бөлісіп, оқушыларға өз тілектерін айтты.

Шараның екінші бөлімінде «Жігіт сұлтаны-2018» байқауы оздырылды.Ер батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен байқауда ауған соғысының ардагерлері, Федоровка №1 мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сатыбалдиев Нурлан Изданович және мектеп директоры Курматова Галина Беркінқызы төрелік етті.

Байқау: «Таныстырсам өзімді» - таныстыру,
«Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету,
«Күш атасын танымас» - гір тасын көтеру,
«Күш атасын танымас» - күш сынасу,
«Күш атасын танымас»- қолды бүгіп жазу кезеңдерінен тұрды.Мектебіміздің биылғы оқу жылының «Жігіт сұлтаны» атануға 10 сынып оқушылары Саламатов Ысқақ, Аманов Тимур, Құттыбай Бекзат, 9 сынып оқушылары Әкімжанов Әлімжан мен Елемесов Азамат бақ сынады.Оқушылар өз жанынан шығарған таныстыруларымен, өлеңдермен,тартқан күйлерімен  көрермен қауымның қошеметіне ие болды.Ал, нағыс ер жігітке тән мінез анықтылар «Күш атасын танымас» атты кезеңде оқушылар бірінен бірі оза шабылуға ұмтылып, спорттық көрсеткіштердің жоғары деңгейін көрсете білді.Ең өнерлі және спортқа бейім,жігіттердің сұлтанын аңықтауға арналған байқаудың женімпазы 10 сынып оқушысы Саламатов Ысқақ «Жігіт сұлтаны» атанды.1 орын 10 сынып оқушысы Аманов Тимур, 2 орын 10 сынып оқушысы Құттыбай Бекзат,3 орынға 9 сынып оқушылары Әкімжанов Әлімжан мен Елемесов Азамат ие болды.

Өзінің өнегелі әңгімесімен бөліскен,әділ қазылық еткен ардагерлеріміз Кендербаев Аязбек Райымбекұлы мен Анищенко Александр Михайлович және Мектеп директоры Курматова Галина Беркінқызы мен Федоров №1 мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сатыбалдиев Нурлан Изданович  мектепке, оқушыларға осындай шараға шақырып,тамаша көңіл күй сыйлаған үшін алғыстарын білдірді.Ауған соғыс ардагерлеріміз бен сыйлы қонақтарымызға арнап мектеп әкімшілігі атынан шараға қатысқаны үшін алғыс хаттарды табыстады.

 

Мектеп тәлімгері:                Мырзагалиева Алима Серікқызы