Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Көңілді тапқырлар алаңы» ойыны

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасы 10-сынып оқушысы Аманов Тимурдың ұйымдастыруымен мектепшілік «Көңілді тапқырлар алаңы» ойындары өтті.

Шараның өткізілу мақсаты - оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету. КТА ойындарына 7-9 сынып оқушыларынан құралған 4 команда қатысты. Іс-шара басталмас бұрын, алдын-ала жеребе тасталып әр команда өз реттік номірлерін таңдап алған болатын.
7б сыныбының «Көңілді жігіттер » квн командасы
8б сыныбының «Восемь в одном» квн командасы
7а сыныбының «Езулер » квн командасы
9 сыныбының «Теректі тентектері» квн командасы 

 

Әр команда және оған әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырылды. Әділқазылар алқасы құрамысында мектеп директоры Курматова Г.Б., мектеп тәлімгері Мырзагалиева А.С., Бастауыш сынып мұғалімі Избасарова Г.М., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Юсупова А.Е.  КТА ойыны 3 кезеңнен тұрды.
- Бірінші кезең – топтың сәлемдесуі (көрініс 8 минут)
- Екінші кезең –«Қырық өтірік»(10мин)
- Үшінші кезең – «Үй тапсырмасы» (15 минут.)Тақырып:(Отбасы ішіндегі жағдай немесе оқиға).Әр кезең сайын әділқазылар алқасы өздерінің марапаттау қағаздарын өздеріне ұнаған командаға беріп отырды.Сайыс шартты бойынша мадақтау қағаз аз жинаған команда ойынан шығып кетеді.

 

Ойынның соңыңда әділқазылар алқасы командалар мен оқушыларды марапаттап, сың-пікірлерді айтты. «Көңілді жігіттер» - 1 орын, «Теректі тентектері» - 2 орын, «Восемь в одном» командасы -3 орынға ие болды.7а сыныптың «Езулер » командасы келесі айналымға өтпеді. 8 б сыныптың оқушысы Базарбаев Жәңгірхан «Үздік ойыншы» атты марапатталды.