Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Сайлау науқаны

 15 қыркүйек күні «Ұланбасын» сайлау науқаны өтті. «Ұланбасыға» үміткер болған 6 оқушы – Аманов Тимур, Ізбас Аяжан, Қадырғали Данагүл, Бақтан Ақманар, Құспан Айболат және Сапарова Аңсағаным өз бағдарламаларын 1-11 сынып оқушыларына мектепішілік лездемеде және сыныптарға кіріп түгел таныстырып өтті. Үлестірмелі қағаздар таратты.

 

Сайлау күні патриоттық әндер қосылып тұрды. Комиссия мүшелері – тәрбие ісінің орынбасары Ақмарал Ғалымжанқызы, мектеп әкімшілігінің мүшелері  Назгүл Төреғалиқызы, Замир Ғарифуллаұлы және даярлық тобының мұғалімі    Мунзира Сағидоллақызы болды. Мектебімізде өткен жалпы мектепішілік президент сайлауына 367 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау өз мәресіне жетті. Оқушылар бағдарламасы ұнаған үміткерге өз дауыстарын беріп, сайлау мейлінше әділ өтті. Үміткер 6 оқушының (Ізбас Аяжан, Қадырғали Данагүл, Бақтан Ақманар, Құспан Айболат және Сапарова Аңсағаным) ішінен 10-сынып оқушысы – Аманов Тимур басым дауыс жинап, мектебіміздің «Ұланбасы» атанды.  

 

Жұмағалиева Гүлден