Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Білім күні

Мектебімізде Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиыны өтті. Шараға Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Тасенова Арайлым Махметқызы және мектебіміздің ардагер ұстаздары Алимова Гүлжиян Құттыбайқызы, Казиханов Білікбай Құбайысұлы, Бисенгазиева Қаным Болатқызы қатысты. Салтанатты жиынның басында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының әуенімен еліміздің көк байрағын көтеру құрметіне мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері және оқу озаттары 11-сынып оқушылары Ғұсманов Темірлан мен Агишева Эльвира ие болды. Мектеп директоры құттықтау сөзінде осы оқу жылындағы жаңалықтармен, атап өтсек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған «Бес институционалдық реформа - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының» 76-қадамы 12 жылдық білімге кезең-кезеңімен өтуді, табысты мектептерді ынталандыру тетіктерін енгізу және педагогикалық білімді жаңғыртуды көздейтіндігін, қадам аясында орта білімнің жаңа мазмұны әзірленгендігін, жаңартылған стандарттарды апробациялау жаңа оқу жылынан яғни, кестеге сәйкес 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар, 2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8, 10-сыныптар, 2019-2020 оқу жылында 4, 9 және 11-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшетіндігі туралы айтып, жас мамандармен таныстырып өтті. Әрі қарай келген қонақтар сөз алып, жиын алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндердің тақпақтарымен ұласты.

 

 

 

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылғаннан кейін сыныптарда «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы шеңберінде бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында Білім күніне арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқаулығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» ұлт жоспары, «Мәңгілік Ел» – ұлттық идеясын негізге ала отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, түрлі бағытта оздырылды.