Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Алтын күз

17-21 қазан аралығында Алтын күз апталығы өтті. 1-сынып оқушыларынан бастау алған шараларға оқушылар белсене қатысып, өнерлері мен шеберліктерін ортаға салды. 1-сынып оқушылары арасында Айнагүл Байғалиқызы «Аяулы күз, Алтын күз - 2016» атты сайыс сабағын өткізді. Жаңадан оқушылар қатарына қосылып жатқан бүлдіршіндердің билеген билері де, салған әндері де сүйкімді, күзгі көріністері де шебер жасалған.  


2-4 сынып оқушылары арасында «Алтын күз - 2016» атты тақырыпта 4-сынып жетекшісі Мира Серікқызының ұйымдастыруымен ханзадалар мен ханшайымдардың тамаша сайысы өтті. 6 сынып бойынша шыққан ханзадалар мен ханшайымдар өз сыныптарының намысын қолдан бермеу үшін барын салды. Таныстыру, өнерлері мен сән үлгілерімен таныстыру шарттарынан тұратын бұл сайыста 3б сыныбының оқушылары Сайын Аружан мен Байболат Нұрсұлтан суырылып 2016 жылдың Ханзадасы мен Ханшайымы атанды. Қалған қатысушыларға аталымдар берілді.   


Ал, 5-сынып жетекшісі А.М.Зұлқарнаева 5, 6 сынып оқушыларымен «Күзгі ғажайыптар» атты көрме және сән үлгісін көрсету байқауын ұйымдастырды. Жемістер мен көкөністерден жасалған көрмелерін оқушылар неден және қалай жасағандықтарын түсіндіріп өтті. Және де өз қолдарынан жасаған түрлі материалдарды пайдалана отырып жасаған сән үлгілерімен көрермендерді таң қалдырды.