Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Жаның сау болмай, денің сау болмас!»

«Жаның сау болмай, денің сау болмас!» ұранымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған іс-шаралар есебі

Мақсаты: психикалық денсаулықты қорғау және нығайту бойынша оқушылардың назарын аудару, отбасында және қоғамда өз денсаулығына қатысты жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ психикалық денсаулық дағдыларын сақтау, өз-өзіне қол жұмсаудың (суицидтің) алдын алу.


2017 жылдың 9-қазан күні, 7-9 сыныптар арасында футболдан «Былғары доп» жарысы өткізілді. Жарыс салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың көңіл күйлерін көтеру, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында оздырылды. Жарыс айналмалы әдіспен, 8ойыншы, 1 қақпашы құрамымен өткізіліп, оқушыларға «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» аталымдары, I, II, III орындар, мадақтау грамоталары берілді.


9-қазан күні бейнелеу пәнінің мұғалімі А.А.Қосжан
«Біз – қауіпсіз өмірді қалаймыз!» атты 5-6 сыныптар аралығында өткізілген сурет байқауынан көрме ұйымдастырды.


10-қазан күні медицина қызметкерлерінің қатысуымен психикалық денсаулық мәселелері, күйзелісті, өзіне-өзі қол жұмсау(суицид) алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысы 9-11 сынып ата-аналарының қатысуымен өткізілді. Мектеп психологі Н.Т.Изгалиева өзіне-өзі қол жұмсаудың (суицид) алдын алуға байланысты ата-аналарға сауалнама жүргізді.


10-қазан күні 5-7 сыныптардың қатысуымен «Игі сөздер шақырымы» акциясы мектеп тәлімгері М.Н.Нұрсұлтанова және мектеп кітапханашысы У.Б.Идрескалиеваның ұйымдастыруымен өткізілді.


10-қазан күні 7-10 сынып оқушыларымен, мұғалімдердің қатысуымен «Өмір-мен сені сүйемін!» тақырыбында флеш-моб өткізілді.