Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Дініңді сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта! Ел болашағы-жастар»

«Дініңді сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта! Ел болашағы-жастар» діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шара есебі

(10.10.2017жыл)

 

Мақсаты: Оқушылар және жастар ортасында Қазақстан халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында сыртқы ортамен біріге отырып, шаралар өткізу.


2017 жылдың 29-қыркүйек күні өткізілген мектепішілік ата-аналар жиналысында «Діни экстремизмнің теріс бағыттары» тақырыбында мектеп психологі Н.Т.Изгалиева баяндама оқып, ата-аналарға дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінен сақ болуларын сұрады. Дәстүрлі емес дін өкілдері туралы ҚР діни басқармасы дайындаған ақпараттар көзінен мәліметтер келтірді.


Қазан айының 3-күні, 8-9 сыныптар аралығында «
Дініңді сатпа, салтыңды сақта» тақырыбында дінтану пәнінің мұғалімі С.А.Ізбас дөңгелек үстел өткізіп, «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» делінген бейне материалмен тақырыпты ашты. Одан әрі теріс діни ағымдардың жетегінде кетіп құрбан болғандардың өмірі жайында видео фильм көрсетілді.


Қазан айының 4-күні, 6-8сыныптарға «Өз дәстүріңді білесіңбе?» тақырыбында сауалнама жүргізілді, сауалнамаға жалпы - 95 оқушы, 43-ұл, 52-қыз қатысты. Нәтижесінде оқушылардың дәстүрді білетіндігі дұрыс жауапты 90%(пайыз) құрауынан байқалды.


Қазан айының 5-күні «Деструктивті діни ағымдардың белгілері» тақырыбында 9-11сыныптар аралығында «Жастар ресурстық жұмыс жөніндегі орталықтың» теолог маманы А.Б Қанатұлымен кездесу өтті. Бағдат Қанатұлы кездесу барысында 
діни сауатты адам ғана теріс жолға түспейтіндігі, діни сауаттылық – әркімнің парызы екендігі, имандылық, адамгершілік, ата-ананы сыйлау, денсаулықты жас кезден сақтау туралы әңгімелеп және ҚР Бас Прокуратурасының тапсырысы бойынша дайындалған «Ұл» шағын бейне фильмі көрсетілді.


Қазан айының 6-күні «Діни экстремизм туралы не білеміз» тақырыбында 7-8сыныптар аралығында мектеп психологі Н.Т.Изгалиева сауалнама жүргізді. Сауалнама қорытындысы бойынша диагностикалық әдістеме жүргізіліп, 101 оқушының 93-і сауалнамаға қатысты. Мектеп оқушылары арасында діни сауатсыз оқушылардың болмауы, 100 пайыз қазақ халқы ислам дінін ұстанатыны анықталды.