Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Жаңа жыл шыршасы» мерекелік шарасының

7-11 сынып оқушыларына арналған Жаңа жылдық шырша «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өтті. Ұланбасы Ғұсманов Темірлан мен жасұландық Қабашева Бақтыгүл кештің жүргізушілері болды. Оқушылар Аяз Ата мен Ақшақарды ортаға алып шырша айналып би билеп, ән айтып мерекені көтеріңкі көңіл-күймен бастады. Әр сыныптың дайындаған «Мультфильмдер еліне саяхат» атты ерекше мерекелік нөмірлері тамашаланды. Ерекше атап кететін 7б сыныбының «Аю мен Маша» атты мультфильмінен қойған көрінісі және 7а, 7ә, 8б сыныптарының «Мадагаскар», «Микки Маус», «Миньоны» мультфильмдерінің музыкасына билеген билері көпшілік көңілінен шықты. Ал, 10б сыныбының қойған «Күлшеқыз» ертегісінен көріністері шағын мюзиклдай болды. Оқушылардың барлығын өздерінің биіне қоса білген 11а және 11б сыныптарының флешмобы жаңа жылдық кештің сәнін келтірді. Сонымен қатар, қызықты ойындар ойналды, ойынға қатысушы оқушылардың белсендігі жоғары болып, тамаша көңіл күй сыйлады. Жаңа жылдық шырша би кешімен өз жалғасын тапты.