Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Жүз бақытты жүрек» қайырымдылық акциясының

   Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде  «Жүз бақытты жүрек» атты акциясы жаңа жылдық шарша барысында ұйымдастырылды. Жас Ұландықтар мен жас мамандар  сомдаған «Жаңа 2017 жылдағы жаңа ертегі» атты театрландырылған көрінісі жаңа жылдық шаршаға келген даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға да жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Оқушылар өздерінің сүйіп көретін мульт топтамалырының кейіпкерлерімен тілдесті десе де болады. Әдемі киімдер киген балалар Дара және Боти атты маймылмен бірге Аяз ата мен Ақшақарды тауып алу үшін шыршаны айнала ән салып, би билеп, қасқырдан қоянды құтқарып, Алаяқтан биылғы жаңа жыл – тауықты аман алып қалады. Содан соң оқушылар Аяз ата мен Ақшақардың көңілінен шығу үшін ән айтып, билеп, тақпақтарын айтып, сыйлық алып мәз болысты. Ал, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ортаға алып, олардың киген жаңа жылдық киімі мен көрсеткен өнерін ерекше атап өтіп, кәсіпкер ата-ана Байбулатова Бақтыгүл Мұратқызының демеушілігімен алынған сыйлықтар табыс етілді. Ерекше сыйлықты алған балалардың қуанышты жүздерін көріп тұрып, аз да болса игі істі қолға алғанымыз сезіледі.