Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған «Тәуелсіздік толқыны» театрландырылған тарихи көрінісінің анықтамасы

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі Жас Ұландардың орындауындағы  «Тәуелсіздік толқыны» атты театрландырылған тарихи көрінісімен жалғасты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік шараның бұл екінші бөлімінде оқушылар Жәнібек пен Керей сұлтандардың түркі тектес тайпаларды біріктіріп, «Қазақ хандығы» атты мемлекеттің іргетасын құруынан бастап бүгінгі балалардың барлығына бақытты балалық шақ сыйлаған тәуелсіздігіміздің оңай келмеген тарихи жолын көрініс, ән, би, терме арқылы шебер шеткізді.

Тарихи мюзиклді жүргізген  Өтемісова Сәуле тарихи кезеңдерді мәнерлеп  хабарлауымен көрермен көңілінен шыға алды. 10-сынып оқушылары Атиғоллин Жеңіс, Иргалиев Райымбек, Байбулатов Алисұлтан, Ғұсманов Темірлан, Атантаев Айдархан, Джурумбаев Жасұлан және Нигметуллин Қажымұқан рөлдерді шебер сомдап қана қоймай, би арқылы батырлар бейнесін бере білді. Ал, Кабашева Бақтыгүл мен Мырзағалиева Жаниса әсем дауыстарымен ән шырқаса, 7-сынып оқушылары Жұмағалиева Гүлден, Камалова Сабрина, Сапарова Аяулым, Сайлауова Ақгүл, Ғалиева Аружан және Тасмұратова Камила мың бұрала би билеп сахнаның сәнін келтірді. Шара Жас Ұландықтардың  «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты флешмобымен және әскери жетекші З.Г.Кабиевтің орындауындағы «Қазақстан, елім менің» әнімен аяқталды.