Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау салтанатының анықтамасы

2016-2017 оқу жылының 15 желтоқсан күні Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген құрылғанына 5 жыл толған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны ерекше өтті. 

Салтанатты жиын қонақтары: мектебіміздің ардагер-ұстаздары –Алимова Гүлжиян Құттыбайқызы, Казиханов Білікбай Құбайысұлы, Теректі аудандық туризм орталығының директоры Кукашев Нұрлан Сәлімұлы, аудандық балалар шығармашылығы орталығының маманы Мұхамбетов Жасұлан Сапарбекұлы, Жастар ресурстық орталығының маманы Нагимов Ерлан, «Нұр Отан» партиясы Теректі аудандық филиалының кеңесшісі – Елжанова Эмқанат Нұрболқызы. 

 Теректі аудандық туризм орталығының директоры Кукашев Нұрлан Сәлімұлы өз сөзінде «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарына қабылданып отырған жас өрендерді құттықтай отырып, елін сүйген осы ұл мен қыздардың болашағын жарқын боларына сеніммен қарайтынын атап өтті.