Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Мектепішілік «Жайдарлы Жас Ұлан» жайдарман ойындарының өткізілуі туралы есеп

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен 2-желтоқсан күні мектепішілік «Жайдарлы Жас Ұлан»  жайдарман-2016 ойындары өтті. Шараның өткізілу мақсаты - оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетіп, бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы «Жайдарман» ойындарын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының бір саласы ретінде насихаттау және әр сынып командалары арасында шығармашылық, достық қарым-қатынасты күшейту болды. Шарттары «Жас Ұлан» жасөспірімдер КВН лигасы республикалық конкурсының ережесіне сай жасалған Жайдарман ойынына 7-10 сынып оқушыларынан құралған 7 команда қатысты, олар: 7а сыныбының «Жайдарлы Жас Ұлан», 7ә сыныбының «Жайдарлылар», 8а сыныбының «Жастар life», 8бсыныбының «Blackstans», 9-сыныптың «Ақ маржан», 10а сыныбының «Жыбырлақтар», 10бсыныбының «Тек қана қыздар» командалары. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жайдарман ойындары 4 кезеңнен тұрды, яғни таныстыру, «Бес жаңалық» капитандар сайысы, «Бір көрініс» атты үй тапсырмасы және балалар фильмін, анимациялық фильмдерді және мультфильмдерді жанды дыбыстандыру болды. Барлық кезеңде де ең жоғарғы 5 баллдық жүйемен бағаланды. Әділ қазылар алқасының шешімі мен көрермендердің қошеметіне ерекше бөлеген командалар мен ойыншылар ойын соңында марапатталды марапатталды. 10а сыныбының «Жыбырлақтар» командасы бас жүлдеге, 8а сыныбының «Жастар life» командасы І орынға, 7ә сыныбының «Жайдарлылар» ІІ орынды, 8бсыныбының «Blackstans»командасы ІІІ орынды иеленсе, қалған командалар белсенді қатысқаны үшін  алғыс хатпен марапатталды. «Үздік капитан» аталымына 8а сыныбының оқушысы Базарбаев Жәңгірхан, «Үздік ойыншы» аталымына 10а сыныбының оқушысы Атиғоллин Жеңіс, ал «Көрермендер көзайымы» аталымына 8а сыныбының оқушысы Елемесов Азамат лайық болды.

 

 

Командалар таныстырылуда       

 

 

«Жайдарлы Жас Ұлан» командасы

 

 

       

«Жайдарлылар» командасы       

 

 

«Жастар life» командасы

 

                          

  

  «Blackstans» командасы   

 

                                                    

 «Ақ маржан» командасы

 

   

«Жыбырлаақтар» командасы         

 

                                   

«Тек қана қыздар» командасы    

 

     

Жүргізуші – Өтемісова Сәуле              

 

        

Әділ қазылар алқасы

 

         

Капитандар сайысы            

 

                   

 

Жанды дыбыстау кезеңі  

 

 

 

Командалардың үздік әзілдерінен көрініс

 

       

            Жайдарман ойындарында өнер көрсеткен дарынды жастарды қолдау және марапаттау мақсатында «Іс үшін – За дело» жастар қоғамдық бөлімінің төрағасы Қуанышәлі Мұратбекұлы 12-желтоқсан күні мектепішілік лездемеде жайдарман ойындарына қатысқан барлық командалар мен ойыншыларға шашка, тоғызқұмалақ, моноподтарды сыйға тартты.