Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Әлем сенің қолыңда» қайырымдылық акциясының

12  қараша  күні  «Әлем сенің қолыңда» қайырымдылық акциясының аясында мектебіміздің «Қайсар» жас  полиция  тобының мүшесі боп табылатын Жас Ұландықтар әскери жетекші З.Ғ.Кабиевпен ауыл тұрғыны тыл және еңбек ардагері Карабалина Күнсұлу әжейге ұйымшылдықпен өз көмектерін берді. 85 жастағы Күнсұлу әжей Тәуелсіздік көшесінің 18-і үйінде тұрады. Жалғыз басты әжейдің көмек көрсетер ешкімі жоқ . Оқушылар әжейдің үйінің айналасын жинап, шөптерді жұлып,ауланы тазалап көмектесті. Осындай қиналған уақытта қол үшін берурер адамға зәру болған  Күнсұлу әжей оқушыларға  ана  жүрегінен  шыққан алғысын жаудырды.