Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Мәңгілік Ел – мәңгілік тіл» кітаптар көрмесінің

            Мектеп кітапханасында 24-29 қазан аралығында  «Мәңгілік Ел – мәңгілік тіл» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Мәңгілік ел атануға әбден лайық еліміздің дәуірлер бойы қалыптасқан өз территориясы, өз халқы, өз тарихы мен ұлттық тілі бар. Мемлекетті өз алдына дербес ел ететін осы белгілердің барлығы да Қазақ елі тарихының сонау түркі заманынан-ақ қалыптаса бастағаны белгілі еді. Сондықтан да көрмеден Қазақстан тарихын баяндайтын кітаптар орын алып отыр. Тамыры тереңде жатқан еліміздің тарихы жөнінде мол мәліметтер беретін көрмедегі тарихи кітаптар - әдемі «кітаптар пирамидасы» ретінде қойылды.

            Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған көрмемен мектеп оқушыларын кітапхана меңгерушісі Идрескалиева Ұлғаным Беккалиевна таныстырып, ерекше етіп жасалған көрмеде не себепті бұл кітаптардың тұрғанына аса мән бере отырып түсіндіріп берді.