Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Ұстаздар күніне орай оздырылатын шаралар

30-қыркүйек пен 1 қазан күндері Ұстаздар күніне арналған шаралар «Ұстазға құрмет» акциясы аясында ұйымдастырылды. 5-6 сынып оқушылары «Ұстазым менің ұстазым» атты құттықтауларын мектеп дәлізіне іліп қойса, 7 сынып оқушылары «Құттықтауымды қабыл алыңыз» атты мұғалімдерге арналған өлең шумақтарын жазудан сайыcқа түсіп, үздіктерін мерекелік шарада оқыды. 8-10 сынып оқушылары «Ұстаздар ардақтылар» атты фото көрмесін шығарды.

30 қыркүйек күні «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған «Сүйікті мұғалім!» атты мерекелік концерті оздырылды. Ұстаздарымызға мерекелік көңіл күй сыйлаған өнерлі өрендер - хормен ән шырқаған  4 сынып оқушылары, үні балдай жас әншілеріміз – Амирханова Әйгерім мен Мұратова Дильназ, ұстаздарға арналған өлеңдерін оқып берген Тасмұратова Камила мен Мұратова Мадина және мың бұралған 7 сыныптың биші қыздары. Ал, 11 сыныптың оқушылары ұйымдастырған ойындар ұзтаздарымызды еріксіз күлкіге кенелтіп, бір сергітіп алды. Шараның шырайын келтіріп тамаша жүргізген мектебіміздің жаңадан сайланған «Ұланбасы» - 10 сынып оқу озаты Ғұсманов Темірлан мен аудандық Мұқағали оқуларының 2 орын иегері – Өтемісова Сәуле болды.

1-қазан күні «Өзін-өзі басқару күні» өтті. Ұстаздарына кезектен тыс демалыс беріп,  10-сынып оқушылары 2-9 сынып оқушыларына сабақ берді. Мектеп әкімшілігі де осы оқушылардан тағайындалды. Директор – Ғұсманов Темірлан оқу-тәрбие барысын қадағалап жүрді, оқу ісі жөніндегі орынбасар – Өтемісова Сәуле сабақтардың уақыты өтуіне аса мән берді, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар – Нигметуллин Қажымұқан мектепішілік тәртіпті бақылады, әлеуметтік педагог – Аманбаева Аягүл сабаққа келмеген оқушылар тізімін жасады. Кезекшілікте 3 оқушы болды.