Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» сынып сағаттарының

Мектебімізде 19 қыркүйек – 17 қазан аралығында болған дәстүрлі Тілдер айлығы аясында 19-қыркүйек күні барлық сыныптарда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «Тіл туралы Заңның»  орындалуын іске асыру, оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ, Тілдер айлығының «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қорытынды кешінде «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарының мүшелері өнер көрсетті. Шара Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес үш тілде жүргізілді. Шара қазақтың биімен ашылып, ҚР Гимні орындалды. Шара барысында үш тілде өлең жырлар оқылып, 5 сынып оқушыларының дайындаған хорына кезек берілді. 4а сынып оқушылары Үсен Бекнұр мен Мұратова Дильназ «Ана тілім» әнін асқақтата орындады. 3 сынып оқушылары «Жамандық неден болады?» және «Еңбекпен тапқан нан» атты көріністерін асқан шеберлікпен көрсете білді. Сондай-ақ, 4 сынып оқушылары да «Ең қымбат байлық» және «Егінші мен қасқыр» атты тақырыптарда өз көріністерін жоғары деңгейде көрсетті. 7 сынып оқушылары «Шалқан» ертегісін  ағылшын тілінде сахналады.