Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Жас Ұлан» бұрышын жасау

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде Мектептегі тәрбие жұмысына қатысты стенді жасақталған.  Әл Фарабидің  «Адамға, ең алдымен, тәрбие қажет. Тәрбиесіз алған білім – Адамзатқа зиян келтіреді» деген сөзімен басталатын бұл стендтің бір бұрышы «Жас Ұлан» ұйымына арналған. «Жас Ұлан» ұйымына арналған бұрышта ұйым атрибутикасы мен гимні, ұйым бағыттарының сипаттамасы мен сол бағыттар бойынша сайланған белсенділердің фотолары бар. Стендтің «Оқушылар шығармашылығы» және «Мектеп өмірі» атты бөліміне ұйым мүшелерінің жұмыстары мен түрлі шаралар барысындағы фото-суреттер ауыстырылып қойылып тұрады.