Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2016-2017 оқу жылына «Ұланбасын» сайлау науқаны

21 қыркүйек күні «Ұланбасын» сайлау науқаны өтті. «Ұланбасыға» үміткер болған 4 оқушы – Ғұсманов Темірлан, Нұрболат Мақсат, Ізбас Аяжан және Қадырғали Данагүл өз бағдарламаларын 1-11 сынып оқушыларына мектепішілік лездемеде және сыныптарға кіріп түгел таныстырып өтті. Үлестірмелі қағаздар таратты.

 Сайлау күні патриоттық әндер қосылып тұрды. Комиссия мүшелері – тәрбие ісінің орынбасары Бурабаева Әсел, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зұлқарнаева Айгерім және 9-сынып оқушысы Нұрланов Дәурен болды. Сайлауға мектебіміздің 1-11 сыныптары бойынша барлығы 347 оқушының 313-і қатысты, 28 оқушы сол күні болмаса, 6 оқушы қалыс қалған. Сондай-ақ, 36 мұғалім мен 6 қызметкер қатысты. Оқушылар бағдарламасы ұнаған үміткерге өз дауыстарын беріп, сайлау мейлінше әділ өтті. Үміткер 4 оқушының (Нұрболат Мақсат, Ізбас Аяжан, Қадырғали Данагүл) ішінен 10 а сынып оқушысы – Ғұсманов Темірлан басым дауыс жинап, мектебіміздің «Ұланбасы» атанды.