Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, "Әйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде республикалық "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.


Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов, "Әйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бірлестігінң төрайымы Гүлмира Төлегенова, аудандық полиция бөлімінің кәмелетттік жасқа толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Сәуле Жиеналиева қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды.