Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Волейболдан облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Желтоқсанның 13-і күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай ұстаздар арасында волейболдан облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасары Армат Байғазиев қатысып, ауданға келген қонақтарға қош келдіңіздер айтты.

Додаға Теректі ауданынан бөлек, Сырым, Тасқала, Бәйтерек аудандарынан және Орал қаласынан командалар қатысты. Облыстық мұғалімдер арасындағы волейбол турнирінің қорытындысы

/3 орын 14 мектеп Орал қаласы

2 орын Мереке мектеп балабақша кешені Тасқала ауданы

1 орын Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ Бәйтерек ауданы/

Аталымдар

Үздік байланыстырушы Сарбаева Назгүл (14 мектеп Орал қ),

Үздік ардагер ойыншы Валеева Ирина (Чапаев ЖОББМ, ТЕРЕКТІ ауданы),

Үздік ардагер ойыншы Умаргалиев Максим (Мереке мектеп балабақша кешені Тасқала а),

Көрермен көзайымы Қанабергенқызы Жазира (Қ.Аманжолов ЖОББМ, БӘЙТЕРЕК А),

Үздік шабуылшы Сабырғалиев Алпамыс ( Асан ЖОББМ, Бәйтерек а),

Үздік ойыншы Жұмағалиев Қанат(Қ.Аманжолов, Бәйтерек а)

Алғыс білдіреміз

/Федоровка қазақ ЖОББМ әкімшілігі, кәсіподақ ұйымы/

/Теректі ауданының білім беру бөлімі және Кәсіподақ ұйымы/

Демеушілік еткен кәсіпкер Идиатов Сержан Серікұлы.