Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

"Жас ұлан" жəне "Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау

Желтоқсан айының 12-сі күні мектебімізде Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" жəне "Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рəсімі өтті.

 

Салтанатты түрде "Жас ұлан" ұйымының туы кіргізіліп, оқушыларымыз ҚР-ның мемлекеттік Туына қарап сап түзеп Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Салтанатты рəсімге мектебіміздің ардагер ұстаздары Гүлжиһан Құттыбайқызы, Білікбай Құбайысұлы, Қанымай Болатқызы жəне мектебіміздің құрметті ұстаздары Бақытжан Макимович, Айман Насеновна, Федоровка селолық округінің əкімі Əсет Сабитович, Федоровка қазақ ЖОББМ қамқоршылық кеңесінің төрайымы Мадина Мергенқызы шақырылды. "Жас ұлан" ұйымына қабылданған 39 оқушыға жəне "Жас қыран" ұйымына қабылданған 38 оқушыға туымыз түстес көгілдір галстук пен төсбелгілерін табыстау құрметті қонақтарымызға жəне мектеп директоры Галина Беркінқызына табысталды. "Жас ұлан" ұйымына қабылданған Мүбарак Гүлім ант қабылдап, ұйымға қабылданған оқушылар "Жас ұлан" ұйымының Гимнін орындады. Құттықтау сөз мектеп директоры Г.Б.Курматоваға жəне қамқоршылық кеңесінің төрайымы Мадина Мергенқызына берілді