Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Дүниежүзілік балалар жəне бала құқықтары туралы БҰҰ-ның конвенциясы

Дүниежүзілік балалар жəне бала құқықтары туралы БҰҰ-ның конвенциясы қабылданғанына 30 жыл жəне ратификацияланғанына 25 жыл толуына орай мектебімізде "Қатігездіксіз жəне зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" айлығы өткізілуде.

Айлық "Бала үшін біргеміз" атты салтанатты жиынмен ашылып, 7 сынып оқушылары флешмоб биін биледі. Барлық сыныптарда "Қазіргі жəне болашақ: əр бала үшін қорғалған шақ" тақырыбымен тəрбие сағаттары оздырылды. Басты мақсат: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мəселесіне қоғамның назарын аудару, балалармен қатігез қарым-қатынас жасауға төзбеушілік қарым-қатынасты қалыптастыру.

Мектеп тәлімгері:                                            Тулепкалиева А.С.a