Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Әбір елдің ұлттық мақтанышы - тіл байлығы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен  22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Осыған орай, мектебімізде  «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты  дәстүрлі тілдер айлығы оздырылуда. Мақсаты - «Тіл туралы Заңның»  орындалуын іске асыру, оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тілдер айлығының жұмыс жоспары салтанатты түрде таныстырылып, мектеп фойесіне стенд шығарылды. Және де лездемеде  түрлі халықаралық, республикалық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, атап өтсем,  4а-сынып оқушысы Бақтан Мұратжан, 7а-сынып оқушылары Мұрат Дильназ бен Сарсенова Аделя Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым», Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақ шағала» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып берді. Сонымен қатар, тілдер күні мерекесіне орай тәрбие сағатары өткізілді.

Мектеп тәлімгері:                    Нурсултанова М.Н

 

.