Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Жол ережесін сақтаймыз!» 

Оқушылардың жолдағы қауіпсіздігі мен көшедегі жүріс-тұрысы жіті бақылауды қажет етеді.

Бастысы, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға ерте бастан дағдылануы керек. Осыған орай, 13 қыркүйек күні мектебімізде  1-4 сыныптарда «Сақтайық жол тәртібін»,  5-11 сыныптарда «Жол ережесін сақтаймыз!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Мақсаты - оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру, жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп-тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында «Жол белгілері» тақырыбында оқушылар асфальтқа сурет салып, өз ойларымен бөлісті. Жалпы, мектеп оқушылар белсене қатысты. Сонымен қатар, жолда жүруге байланысты оқушылардың салған суреттерінен  көрме ұйымдастырылды. 

 

Мектеп тәлімгері:                 М.Н.Нурсултанова

 

 

.