Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Күзгі бал – 2019» байқауының

Қазан айының 17 жұлдызында 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен мектебімізде дәстүрге айналған «Күзгі бал – 2019» байқауы өтті. Бәріміз асыға күтетін күзгі балдың мақсаты - жылдың «Ханзадасы мен Ханшайымын» анықтау. Байқауға  12 жұп қатысып, 4 кезең бойынша бақтарын сынады.

«Фото байқау» кезеңінде қатысушылар жұп болып түскен фотоларын ұсынса, «Көркем сөз» мәнерлеп оқу өнерінде күз мезгіліне арналған өлеңдерін жолдады, «Күзгі сый» кезеңінде  табиғи материалдардан жасаған бұйымдарын таныстырып, «Вальс» биін биледі. Қазылар алқасы құрамында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері  Н.Ж.Қадырғалиев, Ә.О.Қожабеков және тәрбие ісінің орынбасары Н.Т.Жаңабаев пен мектеп психологі Н.Т.Изгалиева төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды Темірлан мен Гүлмира (10а-сынып), II орынды  Ахат пен Ақбота, Медет пен Ақкүміс (9а-сынып), III орынды Аслан мен Дамира     (9б-сынып), Ринат пен Ақгүл (10а-сынып) және Сүндет пен Мөлдір (10б-сынып) алды. Ең көп ұпай жинаған 9а-сыныбының жұбы Армат пен Гүлназ күзгі бал Ханзадасы мен Ханшайымы атанды. Қалған қатысушы жұптар «Көрермен көзайымы» аталымына иеленді. Мерекелік  іс-шара би кешімен аяқталды.

 

Мектеп тәлімгері:                Нурсултанова Мейрамгуль Нурталаповна

 

 

.