Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Ұстаздар күніне орай оздырылған шаралар

Мектебімізде 3 қазан күні  Ұстаздар күніне орай «Ғалым да, дана да бас иетін, Ұстазым, асыл ғой қасиетің» тақырыбында Жас Ұландықтардың мерекелік құттықтаулары ұйымдастырылып, ұстаздарымызға арналған тосын сыйлары табыс етілді.

      

 

.

 

Ұстаздар күні мерекесіне орай 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұлағатты ұстазым» атты мерекелік концерт өтті. Концерт барысында мектеп директоры Галина Курматова ұстаздар ұжымын кәсіби төл мерекелерімен құттықтады. Мереке қарсаңында бірқатар ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сыныптың бүлдіршіндері де қалыс қалмай, өздерінің өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айтып, ән шырқап, жақсы көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, мектеп түлектері видео арқылы жақсы тілектерін жеткізіп, «Ұстаздық ұлы іс» деп бағалайтынтындарын айтып, мектеп ұжымының ұстаздарына шексіз алғыстарын жаудырды. Кеш қызықты ойындармен жалғасын тауып, вальс биі биленді.       

                  

 

  

.               

 

4 қазан күні «Өзін-өзі басқару күні» өтті. Ұстаздарына кезектен тыс демалыс беріп,  11, 10 - сынып оқушылары 1-9 сынып оқушыларына сабақ берді. Мектеп әкімшілігі де осы оқушылардан тағайындалды. Директор – Нұралиев Сүндет оқу-тәрбие барысын қадағалап жүрді, оқу ісі жөніндегі орынбасары – Тасмұратова Камила сабақтардың уақытылы өтуіне аса мән берді, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Галиева Аружан  мектепішілік тәртіпті бақылады, әлеуметтік педагог – Кабиева Мадина сабаққа келмеген оқушылар тізімін жасады.

          

 

 

Мектеп тәлімгері:            Нурсултанова Мейрамгуль Нурталаповна