Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

2019-2020 оқу жылына «Ұланбасын» сайлау науқаны

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының

2019-2020 оқу жылына «Ұланбасын» сайлау науқаны

Анықтамасы

Мектебімізде 27 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасын» сайлау күні өтті. Сайлау күнінен бұрын 8-10-сынып оқушылары арасынан Ұланбасы болуға 4 үміткер өз өтініштерін білдіріп, тіркелген болатын. Атап айтсақ,          10а-сынып оқушысы  Жұмағалиева Гүлден, 10б-сынып оқушысы Нұралиев Сүндет,            8а-сынып оқушысы Тастаева Зарина және 8б-сынып оқушысы Сагиева Сагина. Оқушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жасақтап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жасырын дауыс беру арқылы сайлауға ұстаздар ұжымы және 1-11-сынып оқушылары қатынасты. 

Сайлау күні патриоттық әндер қосылып тұрды. Комиссия мүшелері – тәрбие ісінің орынбасарлары Айман Кенесбаевна, Нұрдаулет Тыныштықұлы және даярлық тобының жетекшісі Мунзира Сағидоллақызы болды. Сайлауға барлығы 374 адам қатысып, ұнаған үміткерге өз дауыстарын берді. Қорытындысы бойынша Жұмағалиева Гүлден 24,1 %,  Нұралиев Сүндет 50,8 %, Тастаева Зарина 8,3 %, Сагиева Сагина 16,8 % дауыс жинады. Үміткерлерден ең көп дауыс жинаған 10б сынып оқушысы – Нұралиев Сүндет мектебіміздің «Ұланбасы» атанып, салтанатты түрде ант қабылдады.  

 

Мектеп тәлімгері:           Нурсултанова Мейрамгуль Нурталаповна

 

 

 

.