Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Терроризмді алдын алуға арналған оқу жаттығулары өтті

2019 жылдың 8 сәуір күні мектепішілік жоспарға сәйкес АӘД пәнінің мұғалімі З.Г.Кабиевтің ұйымдастыруымен оқушылар мен мектеп мұғалімдері, қызметкерлеріне төтенше жағдай және террорлық әрекет байқалған кезде оқушыларды  эвакуациялау, терроризмді алдын алуға арналған оқу жаттығулары өткізілді.

 

Аталмыш оқу жаттығуларына Теректі ауданының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Масғут Еламан Ержанұлы, аудан криминалисті полиция капитаны Габдушев Арман Нұрланұлы, №23 АӨБ басшысы азаматтық қорғау майоры Данильчук Александр Викторович және Теректі аудандық орталықтандырылған аурухана фельдшері Каиржанова Юлия Сергеевна қатысты. Е.Е.Масғут, А.Н.Габдушев оқушылармен кездесу барысында  терроризм туралы түсінік беріп, оның түрлері, себептері мен зардаптары жайында мәлімет беріп өтсе, А.В.Данильчук жалпы  төтенше жағдай өмір қауіпсіздік негіздері  бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.  Кездесу барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

 

Мектеп тәлімгері:               Мейрамгуль Нурсултанова