Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Қамқор әке – бақытты балалық» әкелер форумы

2019 жылдың 30-шы қаңтарында мектебімізде «Қамқор әке – бақытты балалық» тақырыбында әкелерге арналған форум өтті.

 

Форум мақсаты – әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, рухани дүниесі бай әкелермен жұмысты ұйымдастыру. Аталмыш басқосуға мектеп оқушыларының әкелері  мен аудан әкімі Әділ Жоламанов арнайы келіп қатысты. Әкелер форумына қатысушылар мектептің жұмыс жүйесімен танысу барысында кітапхана көрмесі мен қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалап, робот жасаушы және тоғызқұмалақ ойынын жетік меңгерген оқушылардың жетістіктері мен жас спортшылардың жеңістеріне тәнті болды. Сонымен қатар, Ұлан Сайтмухаев қамшы өрудің қыр-сырын видеоролик арқылы жеткізсе, Тлеп Бактанович «Тектілік феномені» тақырыбында баяндама жасады. Форум қатысушылары Нұрдаулет Жаңабаев спортқа баулып жүрген ұлттық нақыштағы оқушылармен жұмысын көрсетсе, Ерғали Мырзағалиев тазы баптаудың қүпияларын, атқа мінудің әдіс-тәсілдерін жіктеп айтып берді. Форум соңында мектеп директоры Галина Курматова форумға қатысушы әкелерге алғыс білдірді.

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                       Мирас Абугалиев

.