Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

  Ата-аналарға арналған қоғамдық тыңдалым

2019 жылдың 17 қаңтарында Теректі ауданы Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде 2018 жылдың қыркүйек – қазан айында өткізілген «XXI ғасырдағы ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясында  қазақстандық оқушылардың ата-аналарына жүргізілген сауалнама нәтижелері туралы  аудан көлемінде қоғамдық тыңдаулар өтті.

 

Конференция Теректі аудандық білім беру бөлімі басшысы Хусаинова Жанаргуль Женисовнаның алғы сөзімен басталды. Білім беру бөлімінің әдіскерлері О.А.Шукирбаева жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қаматамасыз ету, Г.Л.Асауова оқушыларды бағалау кезінде ата-аналарға психологиялық көмек туралы айтып өтті. Сонымен қатар мектеп психологтары Г.М.Кенжегалиева, Н.Т.Изгалиева бастауыш сынып оқушылары мен кіші жасөспірімдердің ата-аналарына жүргізілген сауалнама нәтижелеріне тоқталып өтті.

 

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:           М.Г. Абугалиев

 

.