Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

Ұстаз күні

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мекте  бі

 

«Ұстаз күні» мерекелік шарасы

 

Мақсаты: ұстаз мамандығының маңыздылығы мен роліне қоғамның назарын аудару.

 

Мектебімізде 1-5 қазан күндері аралығында Ұстаздар күніне арналған шаралар жоспарланып ұйымдастырылды. 

 

Қазан айының 3 - күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Г. Абугалиевтің ұйымдастыруымен  «Ризамын саған,  ұстазым»  тақырыбы аясында 4-10 сынып оқушыларының және мұғалімдердің қатысуымен  аудандық мерекелік шараға флешмоб, «Ұстазым» әніне мұғалімдердің қатысуымен хор дайындап, өткізді.

 

2 қазан күні Н.Т. Жаңабаевтің жауапкершілігімен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік концерті оздырылды. Мерекелік шараға ардагер ұстаздар Казиханов Б.К, Бисенгазиева Қ.Б, Алимова Г.К және мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Байарстанова М.М шақырылып, мерекелік шараның қонағы болды.

 

4 қазан күні «Өзін-өзі басқару күні» өтті. Ұстаздарына кезектен тыс демалыс беріп,  11, 10 - сынып оқушылары 2-9 сынып оқушыларына сабақ берді. Мектеп әкімшілігі де осы оқушылардан тағайындалды. Директор – Изхайр Сапар оқу-тәрбие барысын қадағалап жүрді, оқу ісі жөніндегі орынбасары – Базарбаев Жәңгірхан сабақтардың уақытылы өтуіне аса мән берді, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Тасмуратова Камила  мектепішілік тәртіпті бақылады, әлеуметтік педагог – Кабиева Мадина сабаққа келмеген оқушылар тізімін жасады.

 

«Ұстаз – ұлы тұлға» ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт

 

 

«Ризамын саған,  ұстазым» флешмоб, қабырға газеттері, «Өзін-өзі басқару» күні