Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Отбасы бақыт мекені» апталығының іс-шаралар есебі

Мақсаты: Қазақстандағы отбасы күніне арналған, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу және жас ата-аналардың отбасы бірлігін сақтап қалу, отбасында мәдениетті қарым-қатынас орнату, бақытты жанұяның моделін дайындау.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің  хатына сәйке мектебімізде «Отбасы бақыт мекені»тақырыбында 6-14 қыркүйек аралығында Республикалық отбасы апталығының іс-шаралар жоспары құрылып, өткізілді.

 

Қыркүйек айының 10  күні мектеп тәлімгері М.Н.Нурсултанованың жауапкершілігімен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында  акция оздырылды.

 

 

 

Қыркүйек  айының 8-9 күндері мектеп психологі   Г.М. Кенжегалиеваның жауапкершілігімен 1а,б және 10-11сынып ата-аналарына  «XXI ғасырдағы ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында Республикалық жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өтті.

 

 

 

11- қыркүйек күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Г. Абугалиевтің  ұйымдастыруымен 2-4 сынып ата-аналарына «Ата-анам және мен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде бала тәрбиесіндегі ата-ана міндеттері жайында  айтылып ата-аналар  өз өнерлерін жолдады.

 

 

 

Қыркүйек  айының 12-күні «Әкем, шешем және мен»,» тақырыбында 2-4 сынып ата-аналарының қатысуымен спорттық сайыс оздырылды.

 

 

 

13-қыркүйек күні сурет пәнінің мұғалімі А.А. Қосжанның ұйымдастыруымен «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылды.