Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ есебі.

БҚО білім басқармасының 2018 жылғы 1 тамыз № 3-10/4007 ЖШС «Отбасылық Тәрбиелеу Институтының» 2018 жылғы 20 шілдедегі №27/8 хаттары негізінде және ата-аналарға психологиялық көмек көрсету мақсатында «Оныншы - онбірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек ретінде конференциясы оздырылды. Конференцияға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Байарстанова Мадина Мергеновна қатысты. Конференцияға 10а, б,11 сынып ата-аналарынан 20 ата-ана қатысты.

 

         Психологиялық конференцияда 7 мәселе қаралды, олар:

  1. ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі.
  2. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар.
  3. Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.
  4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
  5. Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
  6. Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
  7. Ата-ананың өзін-өзі талдауы: жақсы ата-ананың қандай қасиеттері менің бойымда бар, қандай қасиеттерді дамыту қажет?

 

Конференция кезіндегі сәттерден көрініс