Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ есебі.

БҚО білім басқармасының 2018 жылғы 1 тамыз № 3-10/4007 ЖШС «Отбасылық Тәрбиелеу Институтының» 2018 жылғы 20 шілдедегі №27/8 хаттары негізінде және ата-аналарға психологиялық көмек көрсету мақсатында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек ретінде конференциясы оздырылды. Конференцияға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Хусаинова Жанаргуль Женисовна мен Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Байарстанова Мадина Мергеновна қатысты. Конференцияға 1а, б сынып ата-аналарынан 35 ата-ана қатысты.

 

         Психологиялық конференцияда 8 аса маңызды мәселе қаралды, олар:

  1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.
  2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.
  3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
  4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
  5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.
  6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.
  7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.
  8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.

 

Қаралған мәселе тақырыптары одан әрі тақырыпқа арналған слайд және бейнероликтермен жалғасты. Тақырыпқа сай «Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі» кезеңінде ата-аналармен ойындар ойналып, өз пікірлері айтылды. Конференция соңында ата-аналар өз пікірлерін, тілектерін кері байланыс арқылы білдірді.

 

Конференция кезіндегі сәттерден көрініс