Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
0

 

«Ерлік елге - мұра, ұрпаққа - ұран»

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

 Отан қорғаушылар күні мен жеңістің 73 жылдығына арналған

«Ерлік елге - мұра, ұрпаққа - ұран» атты патриоттық айлығы.

 

Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сонымен бірге спортқа және салауатты өмір салтына деген құлшынысын арттыру.


Бұл айлықта өткізілген іс-шаралар:     

23 сәуір күні Патриоттық айлықтың ашылу салтанаты өтті. Лездемеде оқушыларға айлықтың өтілетін шараларымен таныстырылды.


24 сәуір күні жоғары сынып оқушыларынан тұратын «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының мүшелері Теректі ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Мохоринмен  кездесіп, ерлік сабағын өткізді. Бұл кездесуде подполковник оқушыларға өз елінің патриоты болудың маңызын және еліміздегі әскери оқу орындарымен таныстырып өтті. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап оқуға қалай түсу керектігін сұрап, өз таңдауларын жасады.

    

25 сәуір күні  мектеп оқушылары ауылымыздағы және мектебіміздегі даңқ бұрыштары мен мұражайларын аралап, көптеген білмейтін ауданымыздың ардагерлері мен олардың қолданған бұйымдарымен танысып қайтты. Оқушылар еліміздің және ауданымыздың ардагер батырлардың сұрапыл кездегі өмір баяндарын,ерліктерін және Отанға деген сүйіспеншіліктерінің қандай болғанын тыңдап өздеріне үлкен сабақ алды.

 

26 сәуір күні 10 сынып оқушыларына «Жарықшақты қол гранаталары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сондай - ақ жоғары сыныптар арасында әскери жетекші З.Г.Қабиев «Ұлан» атты әскери спорттық сайыс өткізді. Сайысқа 9 – 10 сыныптың ер балалары қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды 1-ші кезең «Белтемірге тартылу». 2-ші кезең «Қолды бүгіп жазу». 3-ші кезең «кім күшті» бұл кезеңде оқушылар 16 килолық гір тасын көтеріп өз күштерін көрсетті. 4-ші кезең «тапқырлар» бұл кезеңде оқушылар берілген сұрақтарға өз ойлары бойынша жауап беріп тапқырлықтарын көрсетті. Сайыста 10  сынып құрама тобы жеңіске жетті. 1 орын Құттыбаев Бекзат ,  2 – орын Аманов Тимур, 3 – орын Байбулатов Алишер және жеңіске деген жігері үшін аталымымен Жұмаш Досымжан Сайыс өте қызықты және тартысты өтті.

27 сәуір күні «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында 6-7 сыныптар аралығында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.М. Курмангазиева шығармалар сайысын өткізді. Кеште оқушылар Ұлы Отан соғысының зардабы туралы әртүрлі шығармаларды жатқа орындады

    

3 мамыр күні 10 сынып оқушылары  Аудандық кітапханада   Ардагерлерге құрмет көрсету және оқушылармен таныстыру мақсатында әскери жетекшінің жауапкершілігімен  кездесу өткізді. Бұл кездесуге № 23 АӨСБ - нің азаматтық қорғау майоры Донельчук Виктор Викторович және АТЖБ – нің бастығы Гинеятов Шавхат Капиетович келіп оқушыларға өзінің өмір баянын айтып берді. Оқушылар ағаларының өмір баянын қызығушылықпен тыңдап, өз ойларындағы жауынгерлік өмір туралы сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

    

4 мамыр күні мектебімізде «Жырлаймыз Ұлы Жеңісті» атты патриоттық саптық әндер байқауы өткізілді. Бұл сайысқа 5 сыныптан бастап 10 сыныпқа дейінгі аралықта барлық сыныптар қатысты. Сайыста жоғарғы сыныптан бастап өз дайындықтарын соның ішінде топ басшысы өз сыныбын жалпы саптан шығарып саптық жүріске дайындап, әскери жетекшіге саптық адыммен барып мәлімет тапсыру талаптары қойылған болатын. Мәлімдемесі қабылданған соң өз орнына барып саптық жүрісті бастады. Саптық жүрісте басшылыққа сәлем берген соң өздерінің саптық әндерін айтып өтті. Барлық оқушылар өздерінің дайындықтарын жақсы көрсетіп белсене қатысты.  5-7 сыныбы арасында 1 – орынды 5 а сыныбы , Жүлделі 2 -  орынды  7а жеңіп алса, 3 - орынды  6б-сыныптары бөлісті. Ал, 8 – 10 сыныптары арасында 3 орынды 8 б сыныбы, 2 – орынды 9 сынып , 1 орынды 8 а сыныбы жеңіп алды. Қалған  сыныптар белсене қатысты. Бейнелеу пәні мұғалімі Қосжан А.А жауапкершілігімен сурет көрмесі өтті. Қабырғаға плакаттар ілінді.

 

5 мамыр күні барлық сыныптарда «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы», «Ұлы Жеңіс жасасын», «Ұшқыны ұлы Жеңістің», "Ешкім де ешқашан ұмытылмайды", «Ұлы Жеңіс жолында», «Желбіре, Жеңіс жалауы» тақырыптарында тәрбие сабақтары өткізілді.

 

Сондай – ақ 10 сынып оқушылары Шаған ЖОББМ – да өткен  Аудандық «Айбын» әскери патриоттық жиынына қатысып келді. «Белтемірге тартылу» сайысында Саламатов Ысқақ ІІ орын, Жалпы команда Бойынша ІІІ орын, «Әскери патриоттық презентация» байқауында ІІІ орын Саламатов Ысқақ, Аманов Тимур. «Робот техникасы байқауында» ІІІ орын Аманов Тимур, «Экспонаттар көрмесі» байқауында ІІІ орын Құлжымыров Мұхамедқанапия.

 

9 мамыр күні мектебіміздің жоғары сынып оқушылары салтанатты шеруге қатысып, мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қою рәсімінде екі ер баладан және екі қыз баладан тұратын қарауыл қойылды. Барлық оқушылар жеңістің 73 жылдығына арналған іс-шараларға белсене қатысып,  атсалысты.

 

Айлықтың өту барысынан көріністер